Қостанай облысында өрттен екі адам көз жұмды

18 қаңтарда сағат 07:34-те 101 пультіне Б.Майлин ауданының Тобыл ауылында өрт шыққаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлады alau.kz.

Өрт сөндірушілер өрттен кейін Казахская огнеборцы көшесіндегі тұрғын үйден екі мәйіт тапты. Үйде 1962 жылғы мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 1983 жылғы әйел адам тұрған. Олар полицияда профилактикалық есепте болған, алкогольді асыра пайдаланған. Олар үйді жатын бөлмеде тұрған электр плитасымен жылытып келген. Өрттен үйдегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді. Өрттің аумағы шамамен 8 шаршы метрді құрады.

Тілсіз жау сағат 08:26-да сөндірілді. Өрт электр плитасындағы электр сымдарының тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.