Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы С.Нұрмағамбетов пен Омбы көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«8 ақпан күні сағат 20:21-де «Toyota Camry» және «Hyundai» маркалы екі көлік соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Hyundai» автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты. 1971 және 2003 жылдары туған екі адам ауруханаға медициналық көмекке жүгінді», - дейді облыстық полиция департаментінде.

Олар тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Жол апаты фактісі бойынша барлық қажетті сараптамалар мен тексеру тағайындалды.