Орал – Атырау тасжолында жол апатынан алты адам қаза тапты

Орал – Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты.

Түрлі жарақат алған тағы бір адам ауылдық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады mgorod.kz.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін, 22 ақпанда Тайпақ ауылына жақын жерде Орал – Атырау тасжолында болды. Toyota мен Lada көліктері соқтығысқан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы бір адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жай-күйі анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазір апатқа қатысты басқа мәліметтер тексерілуде.