Ақтауда екі адам белгісіз химиялық заттан уланып, қайтыс болды

Ақтауда екі адам белгісіз химиялық уланудан қайтыс болды. Тағы 6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Құзырлы органдар анықтағандай6 Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілерін ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялайды. Пәтерін залалсыздандырып болған соң үйін кілттеп басқа шағын ауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен қызы көз жұмды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осы факт Ақтау қаласының полиция басқармасына ҚР ҚК 304-бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді.

Қазіргі таңда Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы осылай деп хабарлады.