Елордада тұрғын үй кешені өртенді

Елордада Түркістан көшесінде орналасқан «Алатау» тұрғын үй кешенінен өрт шықты.

Куәгерлер оқиға орнынан видеотүсірілім жасап, әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Видеодан қызыл жалынның бірнеше қабатты шарпығаны байқалады. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.