Павлодар облысында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші жазаланды

19 мамыр күні Аққулы ауданы Черное ауылында ПБ қызметкерлері ГАЗ-3110 автокөлігін тоқтатып, мас күйінде басқарған жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас екендігі расталды. ІІМ базалары бойынша тексеру барысында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды, сот қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.