Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында 11 ауланы су басты

Толассыз жауған нөсер салдарынан Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында 11 ауланы су басты.

Өрнек, Мамай-Қайыңды және Ақыртөбе ауылдарында су деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілген.

Соңғы ақпарат бойынша жиналған су арық пен ылдиға ағып кеткен. Сондықтан елді мекендерді су басу қаупі сейілді.

Дегенмен, жауын кезінде сел жүріп көлік өтетін көпірді зақымдап кеткен. Қазір бұл өткелмен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынып, қайта қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр.