Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 17 тонна қарасора өртеді

Тәртіп сақшылары жазық далада өсіп тұрған кенешөпті алдымен шауып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын түгін қалдырмай өртеп тастады. Өңірде есірткіге қарсы күрес тобы құрылып, олар аудан-ауылдарды аралап жүр. Небәрі 20 күнде Рысқұлов, Шу және Байзақ аудандарынан 17 тонна қарасора тапқан.