Жыл басынан бері Алматы облысында 136 рет жасырын той өткен

Карантин талаптарын бұзу деректері мониторингтік топтың тексерісі кезінде әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туған күн, қыз ұзату, ұжымдық басқосу сынды іс-шаралардың көбі Талғар ауданына болған. Одан кейін Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының халқы тойшыл екен. Өңірде енгізілген шектеулерді ескермеудің мыңнан аса дерегі тіркелген. Соған байланысты 140-қа жуық тамақтану, көңіл көтеру орындары мен 429 адамға хаттама толтырылды. Сала мамандары 19 мыңнан аса рейд жүргізіп, жүз мыңға тарта нысанды тексерді.

Асхат Шарапиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:

- Алматы облысында 268 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда 598 нысанда бұзушылықтар анықталған. Ол жерде 66 млн теңгеден астап айыппұл салынған.