Ақтөбеде 19 жастағы жігіт суға батып кетті

Ақтөбеде жүзе алмайтын тағы бір тұрғын суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде қайғылы жағдай тіркелді. «Миа» жеке жағажайына достарымен демалуға барған бозбала суға түсіп, жағаға шыға алмай қалды. Ол жүзе алмаған. Денесін құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен алып шықты.

«Жыл басынан бері облыс аумағында 13 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Өткен жылға қарағанда өсім бар», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.