Шымкенттің базарларында қолдан жасалған ашытқы мен құрғақ сүт сатылған

Шымкенттің базарларында жасырын жолмен жасалған ашытқы мен құрғақ сүт сатылған.

Контрафактілік өнім еліміздің басқа да аймақтарына жөнелтілген. Сапасыз өнімді сатып алған тұтынушылардан арыз-шағым түспеген. Сондықтан қанша адамның алғаны әлі белгісіз. Ашытқы мен құрғақ сүт брендінің құқықтық иелері сөредегі жалған өнімді байқап, құқық қорғау органдарына шағымданған. Жергілікті кәсіпкердің 5 мың қорап ашытқы пен 8000 қорап ұнтақталған сүт өндіргені белгілі болды. Мамандар контрафактілік өнімнің құрамын тексеріп жатыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тауар жойылып, кәсіпкерге айыппұл салынды.

Айнұр Исабекова, қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Мұндай факт Әділет департаментінің тәжірибесінде жыл басынан бері бірінші рет болып отыр. Ол өнімдер адам өміріне қаншалықты зиян екені, тиісті стандарттарға сәйкес келетіні туралы ешкім жауап бере алмайды.