Шымкентте тоғыз қабатты үй өртенді

2021 жылдың 27 тамызында сағат 18:02-де «101» пультіне Шымкент қаласы Қаратау ауданы Нұрсат-2 шағын ауданындағы пәтердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, осы хабарлама бойынша 18 сағат 03 минутта 1-шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Күштер мен құралдар келген соң шақыру орнына 1бис жарияланды (қосымша күштер жіберіледі).

Алғашқы өрт сөндіру есептоптары 18 сағат 15 минутта келген кезде 55 ш.м алаңда сыртқы қаптама және 18 ш.м пәтердегі асхана жанып жатқандығын анықтады. Өрттің жалпы көлемі 73 ш.м құрады. Учаскелерді сумен жабдықтау жақын жердегі өрт гидранттарынан жүзеге асырылды. 18 сағат 30 минутта өрт оқшауланып, 18 сағат 48 минутта толығымен сөндірілді.

Қауіпсіз аймаққа 28 адам, оның ішінде 8 бала көшірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД 28 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды: апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 бірлік техникасы, энергетика қызметінің 1 авариялық бригадасы.

Бұған дейін Шымкентте «Цитадель» атауымен танымал этноауылдың өртенгенін айтқан болатынбыз.