425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда «көріпкел» алаяқ ұсталды

  • 184
  • UPD: 15:07, 24.09.2021
Алматыда «көріпкел» алаяқ ұсталды фото: polisia.kz

Алматыда «күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын» деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді. Алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Ж. есімді әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырған.

«Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған «құрбандық шалу» рәсімі үшін «көріпкел» 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде», - деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Хабар 24 телеарнасы