Қостанай облысында мүгедектер мен қарттар үйі өртенді

Өрт шыққан ғимарат Қарабалық ауданында орналасқан.

Қызыл жалын бір қабатты нысанның шатырын шарпыды. ТЖД бастығы Біржан Кәрімовтің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір үйде болған 53 адам мектеп жанындағы интернатқа эвакуацияланды. Ал ерекше күтімді қажет ететіндер аудандық ауруханаға көшірілді. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. 

Авторы: Данияр Сұлтанұлы