БҚО-да полицей мал ұрлығы жөнінен күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері мал ұрлады деген күдікке ілінді.

Бірнеше ай бұрын Сырым ауданында 50 шақты ірі қара жоғалып кеткен еді. Содан бері кінәлі адам табылмаған болатын. Тұрғындар Аралтөбе ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторынан күдіктеніп отыр. Олардың жазған арызынан соң күдікті қамауға алынды. Қазір «мал ұрлығы» дерегіне қатысты тергеу амалдары жүріп  жатыр. Облыстық полиция департаменті өзге мәліметтер беруден бас тартты.