Атырауда өрт салдарынан үш адам зардап шекті

Атырау қаласы Балауса ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірі өртке оранды.

Оқыс оқиға түнгі сағат 1 шамасында орын алған. Жеке тұрғын үйдегі жылыту қазандығында газ-ауа қоспасынан жарылыс пайда болып, салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын үй өртке оранды.

Зардап шеккен 3 адам қазір облыстық ауруханада. Ақ халаттылардың айтуынша, жағдайлары ауыр көрінеді. 80-90 процент күйік шалған 2 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

Мамандар қазандықтарды пайдалану ережелерін қатаң сақтап, жылыту жабдықтарының жұмысын үнемі бақылауға шақырады.