Павлодар облысында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен жүргізуші қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы Ертіс ауданы Ынтымақ ауылының маңында орын алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

- 6 желтоқсан күні сағат 18.30-да Ленин - Русская Поляна автожолының 136 шақырымында Audi-80 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. 

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.