Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2159 адам ұсталды  

Алматыдағы Жетісу және Наурызбай аудандарында кешегі дүрбелеңге қатысты деген күдікпен 2 мың 159 адам ұсталған. Бұл туралы Алматы комендатурасы хабарлады.

Жалпылай алғанда 67 суық қару мен 3 мың данадан астам оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы Алматы комендатурасы хабарлады. Өткен тәулікте «102» пультіне 754 хабарлама түскен. Ал комендатураның жедел желі орталығы 175 қоңырау қабылдады. Барлық хабарламалар шұғыл тексеріледі, – дейді мамандар.