Көліктің утилалымын заңсыз өсіріп, қыруар қаржы жымқырған күдікті ұсталды

«Оператор РОП-тың» бұрынғы директоры 13 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Ол істен шыққан көліктердің утилалым құнын шамадан тыс арттырып, қаржыны «RecyclingCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңсыз аударған көрінеді. Мұндай амалдарды 2016-2019 жылдары іске асырған деген мәлімет бар.