Жыл басынан бері елімізде 3 жарым мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Ішкі істер министрі қылмыстық тәртіп бұзушылықтардың дені алкоголизмнен бастау алатынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ құмар ойындар мен есірткіге тәуелділік те заңға қайшы әрекеттер жасауға итермелейді. Биылдың өзінде 3 тонна есірткі тәркіленген. Бұл аз десеңіз, 21 есірткі зертханасы тағы жойылды. Бұған қоса, 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.