Елорда көшелерін тағы да су басты

Бұл – бір ғана тұрғын үйдің көрінісі. Дәл мұндай мәселемен елордалықтар бірінші мәрте кезігіп отырған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін де жауған жауын көшелерді шайып, тұрғындардың ту талақайын шығарып келді. Бұл жолғы жаңбыр да келеңсіздікті айналып өтпеді.

Бекзат Аманов, тілші:

- Елордада дәл осындай келеңсіз көріністер жиілеп кетті. Жауын жауған сайын қимыл-қозғалыс қиындайды дейді тұрғындар. Олар тіпті алдағы жаңбыр маусымында жағдай мүлде ушығып кетпей ме деп алаңдаулы. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда осындай арнайы етіксіз жүру мүмкін емес.

- Жаңбыр жауса су толып кетеді. Су толғанда айналып, ана жақпен жүреміз, Өте алмаймыз осылай. Көктемде де осылай.

- Жаңбыр жауғанына бір сағат болды? Бұршақпен бірге ия. Қанша уақыт тұрды осындай болып?

Жалпы, жауыннан жиналған суды тазалау үшін Байқоңыр ауданында 20-ға жуық техника жұмыс істеді. Кей көшелердегі дренаждардың жаңбырды еңсере алмағанын жауаптылар да растап отыр. Түйіткілді түп-тамырымен шешу үшін қуаты күшті насостарды алу қажет. Алайда бұл жақын күндері шешіле қоятын мәселе емес.

Нұрбол Айтбеков,  Байқоңыр аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы:

- Иманов көшесі ең төмен орналасқан нүкте. Сол жерде насостар жан-жақтан келген суға былай айтқанда дайын болмады. Енді алдағы уақытта жауын жауған кезде тағы қайталануы мүмкін ғой, демек? Егер қатты жауын болса, мүмкін қайталануы.

Иә, әзірге сағаттап жауған жауынға төтеп беру қиынға соғып тұр. Алда табиғаттың тосын мінезіне тап болсақ, нөсерден кейінгі нөпір сумен қалай күресеміз? Қазір елордалықтарды дәл осы сұрақ мазалайды.

Авторлары: Бекзат Аманов, Артур Горшняков