БҚО-да жол апатынан 62 жастағы ер адам көз жұмды

Кеше 22:28 шамасында Lada Priora тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші Серебряков ауылынан №20 шақырымында жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтамай, 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам жолдың бөлігін белгіленбеген жерінен кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.