Үлкен Шабақты көлінде балық неден қырылды?

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық​ ​ қырылу дерегі бойынша экологтар тексеріс жүргізіп жатыр.​ Облыстық экология департаменті алған сынама қорытындысы  алдағы күндері белгілі болады. Қырылған балық түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.  Аумаққа жауапты «Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің мамандары, бұны жаппай қырылу деп айтуға болмайды - деп отыр.

Айтуларынша, олар өздері судан сынама алып, құрамында зиянды заттардың жоқ екенін анықтапты.​ Жылда осы уақытта балдыр​  гүлдеп, көмірқышқыл газы бөлінеді. Салдарынан су жәндігіне оттегі жетіспей,​ біразы​ қырылады. Ал, мұндай құбылыс,  судың таяз жерлерінде ғана болады, - дейді. Дегенмен,​ мәселенің ақ-қарасын енді экологтар анықтайды .

Қадырхан Бейсенбаев, облыстық Экология департаментінің басшысы:

- Біздің сынама бойынша біз 5 күнде анықталады ол сынаманың қорытындысы. Жұма күні дайын болады. Сол күні біз қосымша жариялайтын боламыз. Егер жоғары деңгейде көрсеткіштер болса, департамент тарапынан шара қолданылатын болады. Су қоймасының нелерін тексереміз және де оған олар қандай шара қолданып жатыр. Қорытындысы бойынша тексереміз барлық жағынан. Комплексті тексереміз.

Сондай-ақ...