Қазақстанда қанша ресейлік жүр

Қазақстан мен Ресей Федерациясы. Көршілес жатқан қос мемлекеттің халқы қай кезде де бір-бірімен тығыз байланыста болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұған дейін де шекарада кіріс-шығыс көп еді. Алайда кейінгі 4-5 күннің шамасында елге келген ресейліктер саны көбейе түсті. Нақты айтсақ, 22 қыркүйектен бастап Қазақстанға солтүстіктік шекарадан өткен шетелдіктер саны 2 есеге артқан.

Жыл басынан бері елге барлығы 4 млн 399 мың шетелдік келді. Оның 1 млн 700 мыңы Ресей азаматтары. Өзбекстаннан 1 жарым млн адам ел аумағына кірді. Бұл тізімде 547 мың қырғызстандық пен 200 мыңнан аса тәжікстандық бар. Алайда бұл азаматтардың басым бөлігі елден кетті.

Нақты айтсақ, 4 млн 155 мың шетелдік шекара асты.

Аслан Аталықов,  ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушыя:

- Күн сайын 15-17 мың қазақстандық Ресей Федерациясына барады. Онда олардың туыстары балалары тұрады. Және тағы да істері бар. Яғни, шекарадағы кептелістер қайтқан кезде өкінішке қарай оларға да әсер етеді.

Құзырлы органдар жағдай жіті бақылауда дейді. Олардың айтуынша, шетелдік ел аумағына кірген сәттен бастап, оның барлық құжаттары тіркеліп, келу мақсаты айқындалады. Және олардың тұрғылықты мекен-жайын учаскелік полицейлер тексеріп отырады. Одан бөлек, бақылау күшейіп, «Участок» және «Нелегал» профилактикалық шаралары жүреді. Дәл қазір Ресей азаматтарын әсіресе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жиі кездестіруге болады. Басым бөлігі, онда ЖСН алуға келген. Тілдесіп көрдік, елге келу себебі мен алдағы жоспарын сұрадық. Олардың айтуынша, ЖСН оларға банк карточкасын алу үшін қажет.

- Қазақстан қонақжай қарсы алды. Әзірге қайда баратынымды шешкен жоқпы. Ал мұнда ЖСН алуға келіп отырмын.

- Дүйсенбі күні келдім. Екі аптадан кейін кері қайтамын. Мұнда банк карточкасын алуға келдім. Қолма-қол ақша ұстау қажытты.

- Әзірге қайда баратынымды шешкен жоқпын. Жағдайға қараймын, бәлкім Түркияға өтетін шығармын.

Жауаптылардың айтуынша, ЖСН кез келген шетелдікке беріле береді. Оны алу үшін өзге мемлекеттің азаматына тек жеке басын куаландыратын құжат жеткілікті. Бір күн ішінде 12 сан қолына тиеді. Дәл қазір бұл мәселемен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінгендердің қарасы қалың дейді мамандар. Сол үшін 8 өңірдегі орталықтарда қосымша бөлім ашылған.

Айнұр Тобаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Шетел азаматтарының оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтарының Қазақстан тереториясына келіп, ЖСН-ге өтініштерін беру күрт көтеріліп тұр. Сондықтан бізде 7 өңірде арнайы ХҚО бөлімшелерінің жұмысы ұйымдастырылып отыр. 02:40 Себебі ҚР азаматтары өзінің құжаттарын таныстырғанда кедергілер болмауы үшін жасалып жатыр.

Елге келген ресейліктер санының артуына тағы бір себеп бар. Ресей азаматтарының бір бөлігі біздің ел арқылы өзге мемлекетке өтеді. Соңғы күндері 40 мыңнан астам Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан кетті. Мыңдаған адам Қазақстан арқылы - Қырғызстан мен Өзбекстанға аттанды. 5 күн ішінде 6 мыңға жуық ресейлік біздің әуежайлар арқылы өзге елдерге ұшты.

Авторы: Бекзат Аманов