БҚО-да жасөспірімге абайсызда оқ тиіп, жарақат алды

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.

«Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы болды. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.