Ұлытау облысында боранда 2 адам адасып кетті

Ұлытау облысында боранда адасып кеткен 2 адам іздестіріліп жатыр деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның біреуі – малшы, екіншісі – қыстақтан аудан орталығына жаяу шыққан азамат. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Іздеуге 25 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Дегенмен, әзір ешқандай нәтиже жоқ.