Ресейлік 12 азамат қар құрсауынан эвакуацияланды
Өскемен-Шемонаиха тасжолында қалып қойған ресейлік 12 азамат құтқарылды.
Оның ішінде 2 бала бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олар Шемонаиха қаласындағы қонақ үйлерінің біріне орналыстырылды. Жергілікті атқарушы органдар жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Бүгін ақ түтек боран мен көктайғақ болады деген болжам бар. Сондықтан мамандар азаматтарды алыс жолға шықпауға шақырады.