Атырауда суға кеткен адамды 3-ші күн іздеп жатыр
Атырауда мұз ойылып, суға кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, 5-қаңтарда Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде мұз ойылып, екі азамат суға кеткен. Бірақ жедел-құтқару тобы біреуін құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізді. Ал екінші азамат әлі табылған жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оны үшінші тәулік іздеп жатыр. 1975 жылғы азаматты іздеуге 11 құтқарушы, 2 техника мен 1 су астында жүзу құралы жұмылдырылған. Төтеншеліктер, мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.