Қарағанды әуежайы қымбат авиаотын сатқаны үшін айыппұл төледі
Қарағанды әуежайы қымбат авиаотын сатқаны үшін 80 млн теңгеден астам айыппұл төледі.
Ведомство әуе айлағының қызметін өткен жылы тексерген болатын. Нәтижесінде ел ішінде қатынайтын ұшақтар үшін жанар-жағармайдың бағасын негізсіз қымбаттатқаны анықталды. Бұл 2018 және 2019 жылдар аралығында болған. Қазір компания кінәсін мойындап, барлық қажетті айыппұл сомасын төледі. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.