Ақтөбеде мектеп өртенді
Ақтөбеде бүгін таңертең мектеп өртенді.
Оқыс оқиға облыс орталығындағы номері 23 мектеп-лицейде болған. Сабаққа келген бірінші ауысымның 900-ге жуық оқушысы мен 60-қа жуық ересек адам қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ. Білім беру мекемесі басшысы, өрттің электр құрыл-ғысынан шыққандығын айтып отыр. Дегенмен нақты себебі, тиісті тексеруден кейін белгілі болады. Әзірге түтін мен, ыс қым-таған оқу ордасында, сабақ тоқтатылды.
Алия Қасымова, №23 мектеп-лицейінің директоры:
- 07:56-да біз пожарный службаға хабар бердік. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының кабинетінде сетевой фильтр жанды. Замыкание болып содан пожар басталды. Бірінші кезеңнің сабағы тоқтатылды. Сонымен қатар қазір қараймыз енді жағдайға. Екінші кезеңнің де сабағын тоқтатамыз шығар. Себебі мектептің ішінде әлі түтін бар.