Қырғызстаннан заңсыз кіргізілген 100 мың бөтелке ішімдік тәркіленді
Жамбыл облысында ел аумағына заңсыз кіргізілген 100 мың бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.
Экономикалық тергеп тексеру департаменті заңсыз спирттік өнімдердің көбі Қырғызстаннан келетінін айтады. Мәселен, Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу пунктінде, жүк көлігін тексеру кезінде күдікті тауар табылды. Жүргізуші 35 мың бөтелке алкогольді елге акциздік маркасыз кіргізбек болған. Тәркіленген контрафактілік алкагольдің құны 53 млн теңге. Сонымен қатар 8 мың тонна спиртті қоймасында сақтаған Меркі ауданының азаматы ұсталды. Жалпы 4 іске байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Дәурен Тұрмағанбетов, ЖО Экономикалық тергеп тексеру департаментінің басқарма басшысы:
- Тасымалдаушы азаматтар өзінің қылмысын жасыру үшін, автокөліктерді өздеріне құрастырып, оборудувать етіп, бірінші екі бетін арт жағынан басқа да тағамдармен немесе сусындармен тығып қояды. Бұл санаттағы қылмыстық істер ауыр емес қылмыстарға жатады. Соттың үкімімен тауар тәркіленіп автокөлік тәркіленіп кінәлі тұлғаларға миллиондаған штрафтар тағайындалады.