Шымкентте интернет-алаяқтар ұсталды
Шымкентте интернет алаяқтығына қатысы бар сегіз адам құрықталды.
Қала прокуратурасы оның үшеуі қылмыстық топты басқарып, жеңіл олжаны кәсіп қылған деп отыр. Жыл басынанан бері ел азаматтарына келтірілген жалпы шығын 1 миллиард 400 миллион теңгені құрады. Қазір күдіктілердің басқа да іске қатыстылығы тексеріліп жатыр. Құзырлы органға жыл басынан бері 366 адам арызданған. Алайда жәбірленушілердің саны әлде қайда көп болуы мүмкін. Биыл прокурорлар «Алаяқтықтың алдын-алу жобасы» аясында күдіктілердің қоңырауын бұғаттайтын жаңа құрылғыны іске қоспақ. Жоба жүзеге асса кибершабуылдан зардап шегушілер анағұрлым азаяды,-дейді. Өйткені көбіне алаяқтар интернет қосымшаларын пайдаланып, қитұрқы айла-тәсілге көшкен. Жалған жарнама жүктеп, түрлі қызметтерді ұсынған. Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының тұрғындары.
Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары:
- Қазіргі таңда осы жобаның арқасында интернет алаяқтығы 72 % азайды, жалпы алаяқтық 42% азайды. Шығын биылғы жасалған 400 қылмыс бойынша 1 млрд 400 млн теңге болды. Оның 400 миллион теңгесі қазіргі таңда өндірілді.