Ақтөбедегі пәтерде анасы мен қызын пышақтап кетті
Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға орын алды.
35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы баласын өз үйінде пышақтап кеткен. Қылмыскер 13 жасар қыз баланың да мойнына бірнеше мәрте суық қару сұққан. Ауыр жарақат алған оқушыға дереу операция жасалды. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер оқиғаның бүгін таңғы сағат 5 шамасында болғанын айтады. Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ербол Жапахов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
- Қыз баланы жедел жәрдем дәрігерлері алып келді. Мойын тұсына бірнеше мәрте пышақ салынған. Әбден әлсіреген. Көп қан жоғалтыпты. Мойнындағы көктамыр мен кеңірдегіне зақым келген. Жедел операция жасалып, тиісті медициналық көмек көрсетілді. Қазір хәлі тұрақты ауыр күйде. Аурухананың реанимация бөлімінде жатыр.