Қостанай облысында бөгетті су шайып кетті
Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы тағы бір бөгетті еріген қар суы шайып кетті.
Жиырма миллион теңгеге салынған нысан осымен екінші жыл табиғаттың тосын мінезіне шыдай алмады.
Мына жаққа мал шығарады. Мал шығара алмай отыр. Қашан бөгелетіні белгісіз енді?
Бөгет Ахмет Байтұрсынұлы ауылында орналасқан. Ол Жыланшық өзеніндегі Қарасор мен Ақкөл көлдерін бөгейтін. Сол арқылы тұрғындар жылда шабындыққа барып, Алматы, Шымкент бағытына шыға алатын. Бірақ былтырғыдай асты үңгіп, суағары жарылып кетті. Бөгетті қалпына келтіруге жергілікті қазынадан бір тиын да жұмсалмайды. Аудандық әкімдіктегілер осылай деді. Кепілдік мерзімінің аяқталғанына қарамастан бар шығынды мердігер өз мойнына алады.
Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:
- Биылғы жылы су ерімей келді. Көпірдің жан-жағына жырып кетті суағарды. Оны қайтадан қалпына келтіріп көтеремін биіктетемін деп тұр. Ол жұмысты өзім су азайсын мамырдың аяғында маусымда келемін деді. Сотқа берген жоқпыз. Су кеткенде істеймін деп тұр ғой.