Өскеменде өрттен 7 адам құтқарылды
5 қабатты үйдің екінші қабатынан тұтанған өртті алдымен көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар байқап, бірден өрт сөндірушілерді шақыртқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дегенмен тілсіз жау лезде лапылдап, жоғарғы қабаттың балкондарын шарпып үлгерді. Кіреберісті көк түтін басып, жағдайды ушықтырып жіберген. Сондықтан тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылар кейбір адамдарды іштен көтеріп алып шықты. Олардың арасында кембағал жандар мен кішкентай балалар да бар. Өрт шыққан пәтердегі 70 жастағы ер адамды күйік шалды. Жалын 55 шаршы метр аумақты шарпыған.
Елена Шумилова, қала тұрғыны:
- Көрші пәтерден түтін будақтап жатыр екен. Түк көрінбейді. Құтқарушыларға мың алғыс мені де, мысығымды да алып шықты.