Саран шахтасында тағы өрт шықты
Кеншілердің кәсіби мерекесі күні Қарағанды облысындағы Саран шахтасында тағы өрт шықты.
Түнгі сағат екілер шамасында тұтанған қызыл жалынды өрт сөндірушілер дер кезінде өшірген. 187 шахтер жер бетіне шығарылды. Барлығы дін аман. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр. Осыдан тура екі апта бұрын Қазақстан шахтасында өрт болып, 5 кенші көз жұмған еді. 13 кенші жарақат алды. Ондағы қызыл жалын әлі сөнген жоқ.