67 млн теңгеден астам сомадағы заңсыз темекі өнімдері анықталды
Атырауда құны 67 млн теңгеден астам, заңсыз темекі өнімдері анықталды.
Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген рейдтік іс-шара кезінде заңсыз сақталған 96 мың қорап, темекі өнімі табылды. Кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарында, көтерме сатушы ретінде тіркелмей, өз қызметін жүр-гізе беріпті. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін де, өңірде құны шамамен 7 миллонға жуықтайтын заңсыз айналымдағы 2 жарым мыңнан астам темекі бұйымдары анықталған еді.
Әлия Байтемірова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:
- Қазір анықталған заңсыздық бойынша салықтық тексеру актісі жасалды. Қорытындысы бойынша жинақталған іс-құжаттар сотқа жіберіледі. Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес жұмыстары жалғаса береді.