Алматы облысында газ жарылысынан бір адам көз жұмды
Алматы облысының Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан тағы бір адам көз жұмды.
Бұл ақпаратты Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы растады. Кеше осы медициналық мекемеге ауыр жағдайда түскен 32 жастағы азамат есін жимастан қайтыс болған еді. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесін түгелдей күйік шалған. 20 жастағы келіншекті де құтқару мүмкін болмады. Оның денесі қатты күйіп қалған. Екеуі отбасын 1 ай бұрын құрған екен. Жарылыс табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Еске сала кетейік, 17 желтоқсанда екі үйде газ жарылып, 4 адам зардап шеккен. Қазір аман қалған 2 адам ауруханада ем-дом алып жатыр.