Қауіпті медициналық қалдықтар жиналған заңсыз қойманың қызметі тоқтатылды

Қауіпті медициналық қалдықтар жиналған заңсыз қойманың қызметі тоқтатылды

Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтар жиналған заңсыз қойманың қызметі тоқтатылды.

Бұл туралы аймақтың табиғат қорғау прокурорлары хабарлады. Тексеріс барысында мердігердің Астана қаласының маңында кәдеге жарату қоймасы болғаны анықталды. Соған қарамастан серіктестік әр 3 күн сайын медициналық қалдықтарды Қостанай қаласындағы заңсыз қоймаға тасыған. Тіпті қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Кәсіпорын қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, кәдімгі жүк көлігін жалға алып пайдаланған. Аталмыш дерек бойынша тергеу жұмысы жалғасып жатыр.