Алматыда қоймадағы өрт оқшауланды
Алдын ала мәліметтер бойынша қойманың төбесі жанған.
Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың, нақтыласақ, газ бен аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдарының болуымен күрделене түсті. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 104 адамы мен 29 техника жұмыс істеп жатыр.