Алматыда жерасты құбырының жарылуынан ыстық су атқылады
Алматыда жер астындағы магистральді құбыр жарылып, ыстық су жоғары қысыммен далаға атқылады.
Оқиға Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында болған. Жақын жерде қаладағы ең үлкен монша кешені орналасқан. «Алматы жылу жүйелері» кәсіпорнының хабарлауынша, диаметрі 400 миллиметрлік құбырдағы ақау тез арада оқшауланып, атқылаған су тоқтатылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадасы апаттың салдарын жоюда. Зардап шеккендер жоқ, бірақ сол жерге жақын тұрған бірнеше көлік, қайнаған судың астында қалған. Қазір заңгерлер келтірілген шығынды есептеп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншік иелеріне өтемақы төленеді.
Наталья Инкина, "Алматы жылу жүйелері" ЖШС баспасөз хатшысы:
- Бұл құбыр 1985 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол шын мәнінде өз мерзімін өтеді. Кейбір үйлерге ыстық су мен жылу ішінара беріліп отыр. Жөндеу жұмыстары бүгін сағат 23:00-ге дейін толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз.