Таразда базардың қоймасы өртенді

Тараздағы Омар ата базарында өрт шықты.

Жалын 350 шаршы метр аумақта орналасқан 5 қойманы шарпыды. Онда азық-түлік пен тұрмыстық химиялық тауарлар сақталған. Оқиға болған жерге 13 арнайы техника мен 40 құтқарушы жеткен. Алайда аталған сауда орталығында гидранттар болмауы себепті өртті өшіруге 2 сағат уақыт жұмсалды. Құтқарушылар суды көрші базардан тасуға тура келгенін айтады. Қазір оқыс оқиғаның себептері анықталып жатыр.