Қосшыда салық органының қызметкері ұсталды
Қосшыда бірнеше мәрте интернет-алаяқтық жасаған салық органының қызметкері ұсталды.
Айлакердің қылмыстық әрекетін қалалық прокуратура анықтады. Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет деген сылтаумен шақырып, олардың жеке және биометриялық деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сол арқылы тұрғындардың атынан онлайн микронесиелер рәсімдеп отырған. Күдікті қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылды.