Қаскелең қаласының іргесінде ірі қойма өртенді

Сол жерде жұмыс істейтін 3 адам Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдай қалыпты. 870 шаршы метр аумаққа жайылған өрт толық сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына 50 адам мен 18 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына технологиялық процестің бұзылуы себеп болған. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінінің өкілдері айтты.