Атырау облысында браконьерлерден 4,6 мың тонна балық тәркіленді

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары браконьерлерден 4 мың 600 тоннадан астам балық тәркіледі.

Борконьерлік және балық шаруашылығын қорғау заңнамасын бұзу деректері бойынша 2200-дей құқық бұзушылық дерегі анықталды. Соның ішінде заң бұзушылық белгілері бар іске қатысты 141 хаттама сотқа жолданды. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 13 тұлғаға қатысты 10 іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Рүстембек Қорқытов, балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Тәртіп бұзушыларға 29,2 млн теңге айыппұл салынды. Оның 25,4 млн-і мемлекет бюджетіне қайтарылды. 29 азамат балық шаруашылығына 6,8 млн теңге залал келтіргені үшін сотқа тартылды.Заңсыз айналымнан 4 тонна 638 келі балық,оның 383 келісі бекіре тұқымдастар, 2 800-ден астам аулау құралы мен 100 шақты жүзу және автокөлік құралы тәркіленді.