Сайлау туралы халық не дейді?

Cайлауға қатысты тұрғындардың пікірі қандай?

Жұрт саяси науқан жайында не біледі? Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан елордалықтардың пікірін тыңдап көрейік.

 БЛИЦ:

  1. - Негізі бару керек. Сондай үлкен шара болып жатыр. Мен қатысамын. Наурыздың 19-ы барамын, қатысамын.
  2. - Депутатымды сайлаймын ғой. Халықтың сенімін ақтайды деген үміт бар. Солар үшін барамыз. Бәріміз баруымыз керек. Ең бастысы ниет болу керек.
  3. - Жаңа кісілер келсін мәслихат пен Мәжіліске. Сондай бір өзгеріс болатын шығар деп ойлаймын. Алға, Қазақстан.
  4. - Барамын. Ұнайтын депутаттарға дауыс беремін.
  5. - Менің ойымша, әр адамның таңдауы болу керек. Сондықтан дауыс беруге барған дұрыс. Бұл әр адамның азаматтық құқығы және міндеті.