Биылғы сайлау бұрынғыдан өзгерек – саясаттанушылар

Себебі оған көпшіліктің белсенділігі ерекше дейді қатысушылар саясаттанушылардың басқосуында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкшетауда «Сайлау-2021. Аймақтық даму трендтері» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының өкілдері мен жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Сарапшылардың сөзінше, қазіргі саяси науқан тек ірі қалаларда емес, аудан-ауылдарда да қызу жүріп жатыр. Партиялар әсіресе, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы сайлаушыларды көптеп қамтып отыр. Ал бұл – пандемия кезіндегі ең ұтымды әдіс дейді саясаттанушылар.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

– Саяси дебаттардың да тікелей эфирде өтуі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде трансляция жасалуы, бұл кез келген Қазақстан азаматының қандай аймақта болмасын, қандай ауылда отырмасын, интернет желісі арқылы тікелей сұрақ қоюға, саяси үрдіске қатысуға мүмкіндік болып отыр. Сонымен бірге саяси партиялардың әлеуметтік желілердегі смм-ді қолдануы өте маңызды.