Exit poll қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр

Сайлау науқаны кезінде сайлау учаскелерінің алдында халықтың пікірі мен сайлау нәтижесін мерзімінен бұрын жорамалды түрде білу үшін Exit poll қызметі де қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың сайлау учаскелеріне кіруге, сайлау процесіне араласуға және қандайда бір үгіт-насихат жүргізуге хақысы жоқ. Таңғы 07:00-ден бастап кешкі 19:00-ге дейін сауалнама жүргізетін ұйым 20:00 шамасында сайлаудың болжаулы нәтижесін шығаруға ниетті.

Атап өткен жөн, сауалнаманы тек Орталық сайлау комиссиясында бекітілген ұйымдар ғана жүргізеді. Ал, Ортсайлауком рұқсатынсыз бұл құзіретті жүргізу заңға қайшы болып есептеледі.