Алматыда exit poll мамандары сауалнама жүргізді
Алматыда бірнеше сайлау учаскесінде exit poll мамандары дауыс беріп шыққан сайлаушылардан сауалнама жүргізуде.
Мақсат - сайлаудың қорытындысына алдын ала болжам жасау. Сұхбат алушы мамандар алдын ала дайындықтан өткен. Сауалнамаға қатысу немесе сұраққа жауап беруден бас тарту адамдардың өз еркінде. Әр сайлау учаскесінде шамамен 40 дауыс берушінің пікірі жазылады. Бүгінгі сайлауда қоғамдық пікірді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының мамандары да саралауда.
Бақдәулет Кендірбай, "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының маманы:
- Арнайы нұсқаулықтардан өтеміз. Ол жазбаша түрде осы Демкократия институтының жазбаша, жеке нұсқаулықтарынан өту арқылы қабылданамыз. Біздің түсінбеген сұрақтарымыз болатын болса, осы супервайзерлер, менеджерлер болады. Солардан көмек алып отырамыз.