«Ауыл» партиясы «Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасын қорытындылады

«Ауыл» партиясы «Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасын қорытындылап, 122 мүшесін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Оның ішінде 40-тан астамы еңбек ардагері. Осылайша ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет, спорт және басқа да салаларды дамытуға үлес қосқан белсенділердің еңбегі еленді.

Айта кеткен жөн, былтыр партияның 5 мүшесі «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» мемлекеттік медальдарына ие болды. Сондай-ақ саяси бірлестіктің 117 өкіліне министрліктердің ведомстволық наградалары табысталды. Өз кезегінде марапатталғандар партияның Саяси Кеңесіне алғысын білдіріп, ел игілігі үшін қызмет етуге дайын екендігін айтты.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Негізгі мақсат еңбек адамын дәріптеу. Еңбек адамының жұмысын дәріптеу. Біздің бүгінгі таңдағы бар жетістігіміз бен жеңісіміз де, жалпы өндірістің барлық жұмысының жүріп жатуы да еңбек адамына тікелей байланысты. Өндірісте жүрген, болмаса бала тәрбиелеп жүрген, болмаса адам емдеп жүрген мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында жүрген азаматтардың еңбегін арқасында болып жатқан жетістіктер.

Сондай-ақ...